Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді аясаңыздаршы": Сахнада тұрған Азамат Сатыбалдыны кім ашуландырды

Азамат Сатыбалды сахнада тұрып кімге ашуланғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бізді аясаңыздаршы: Сахнада тұрған Азамат Сатыбалдыны кім ашуландырды

Танымал актер Азамат Сатыбалды елімізде театрға бару, оны көріп, өнерді саралау мәдениеті қалыптаспағаны туралы айтты. Мысал ретінде өнер иесі театр сахнасында сомдаған рөлдерінің бірін есіне алып, орын алған оқиғасымен бөліскен. 

"Өткен жолы Әуезов театрында рөл сомдаған кезде, алты жарымда қойылым басталып кетті, адамдар кешігіп, дабырлап кіріп жатты. Ол "Қас қағым" деген психологиялық драмма болды, маған қатты қиын болды. Оған қоса, кіші залда қойылған еді", - дейді Азамат Сатыбалды.

Артынша актерді қатты ашуландырған жәйт орын алған. Көрермен уақытынан кешігіп келсе, актер қатты қиналады, айтқысы келген, жеткізгісі келген нәрсені ойдағыдай көрсете алмайды дейді ол. Қанша жерден ренжісең де көрерменге өкпе арта алмайсың деп ағынан жарылды Азамат Сатыбалды. 

"Мен психикалық деңгейде ойнап жатқан кезде, көрермендер "Ары отырыңызшы, мынау менің орным" дегенде кәдімгідей ашуландым. Театр директорының орынбасарына біздің аясаңыздаршы деп айттым. Сол сияқты, кіргізбей қойсақ, олар келмей қояды. Кейде қынжыласың, ренжисің. Бірақ, көрермен патша көңіл көнесің", - дейді Азамат Сатыбалды. 

Талқылау