Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Алакөлге әдеттегіден екі есе көп турист келмек

Алматы және ШҚО аумығында орналасқан Алакөл көліне биыл 700 мың турист келмек.

1hYMNPAlZ9tRqFEC26wN7C8SVN52Oe

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп, деп хабарлайды 24 хабар арнасы.

Туристердің биыл көп келуіне ЭКСПО-ның әсері бар. Жағалаудың жөндеу жұмысына ел билігі 500 млн ақша бөлді. Сондықтан Алакөл жағалауы алдағы уақытта адам танымастай өзгереді. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жол жөндеу жұмыстары да қолға алынды. Жөндеуден кейін жағалау Арбатқа айналмақ.

«Біз 10 күн ішінде салынған барлық объектілерді тексеріп жатырмыз. Қалған 80 орынды қабылдап алу керек. Бұрынғы базардың орнына жаңа сауда үйі салынуда», – дейді жоба координаторы Жеңіс Жүрсімбаев.

Жағалауда демалу енді қауіпсіз болады. Жағалауға 80 бейнебакылау камерасы орнатылды. Үйлердің маңында 5 полицей посты мен 2 көмек көрсету пункі жұмыс істейді.

Былтыр Алакөлде 350 мың адам демалған. Биыл 700 мың адам келеді деп жоспарланып отыр.

«Қытайдан, Ресейден келетіндер саны жыл сайын арта түсуде. Жақында жаңа автовокзал салды. Алдағы күндері демлалыс орны ашылады», – дейді кәсіпкер Сергей Давыдов.


Талқылау