Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкек әуежайы "ұшақтардың біріне бомба қойылған" деген ақпаратқа байланысты қоршауға алынды

Қырғызстандағы "Манас" халықаралық әуежайы ұшақ бортында бомба бар деген ақпаратқа байланысты қоршауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздердің хабарлауынша, Санкт-Петербург - Бішкек бағытында әуежайға қонуы тиіс рейсте бомба қойылғаны туралы хабарланған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бомба алып кірген жолаушы Ресей азаматы. Ол экипажға Украинадағы әскери операцияларға қарсы екенін және қол жүгінде оқ-дәрі бар екенін айтқан. Экипаж диспетчерге борттағы төтенше жағдай туралы хабарлады", -  деп жазады 24.kg.

Басылымның мәліметінше, әуежайдағы барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Қазірдің өзінде "Манасқа" қосымша полиция күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар бар саперлар келген.

Кейін қырғызстандық "Avia Traffic" әуе компаниясы борттағы бомба туралы хабарламаға түсініктеме берді.

Анықталғандай, жолаушылардың ешқайсысы экипажға бортта бомба бар екенін айтпаған.

"Жолаушылар бірінің багажына бомба қойылғаны туралы хабарлама авиакомпаниялардың, соның ішінде біздің өкілдіктердің әртүрлі электрондық мекенжайларына жіберілді. Біздің поштамызға аты-жөні белгісіз адресаттан мұндай хат келгенін растаймыз. Айта кетейік, бүгін Санкт-Петербор-Бішкек бағытында келе жатқан ұшақ бортында бомба болмаған. Дүрбелеңге негіз жоқ", - деп хабарлады Avia Traffic.

Әуе компаниясы сонымен қатар "Манас" әуежайында "барлық қажетті шаралар қабылданғанын" қосты.

 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 09 Наурыз, 2022 19:01
Талқылау