Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың туысына рақымшылық жасалды: сот шешімі заңды күшіне енді

Бақытжан БайжановФото: Жоғарғы сот

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды.  Ол қылмысты жасырғаны үшін істі болған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі сот шешімі күшіне енгенін растады. Алайда Байжановтың нақты қашан босатылатыны хабарланған жоқ.

Астана полициясының хабарлауынша, Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 12 қарашасында қамауға алынған. Сол уақыттан бастап 2024 жылдың шілдесіне дейін ол уақытша ұстау изоляторында отырды, ондағы бір күн түзеу мекемесіндегі 1,5 тәулік болып есептеледі. Рақымшылыққа сәйкес, Байжановтың мерзімі шамамен 8 айға қысқартылуы мүмкін. Осылайша Қуандық Бишімбаевтың туысы шамамен 2026 жылдың қазан айында бостандыққа шығуы мүмкін.

Еске салсақ, Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 2024 жылғы 13 мамырда 24 жылға сотталды. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бабы бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы жылдың 9 шілдесінде Байжанов Степногорск аудандық сотына өтініш жолдап, рақымшылық жасау туралы заң аясында мерзімін қысқартуды сұраған. Бұған дейін Байжановтың адвокаты рақымшылық жасалса, оның қорғауындағы азаматтың мерзімі шамамен сегіз айға қысқартылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Аида Тақабаева
Жұма, 22 Тамыз, 2025 16:50
Талқылау