Бишімбаевтың соты онлайн трансляцияланатын болады
Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты онлайн көрсетіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
“Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада.
Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.
Еске салсақ, Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилердің 27 наурызда іріктелетінін хабарлаған едік.
Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.
Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан