"Бишімбаевтың қалай отырғанын құдай білсін": Say Mo түрмеде туған күн тойлаған айыпталушыларға қатысты пікір білдірді
Танымал блогер, рэпер Say Mo түрмеде торттың балауыз шамын үрлеп, туған күн тойлағандарға қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/say_mo__
Айта кетейік, желіде Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандардың түрмедегі сауық кешінің видеосы тараған еді.
“Ұмытпа! Шерзатты өлтірген ақымақтардың түрмеде қалай отырғандарын көріңдер! Экс министр Бишімбаевтың қалай отырғанын құдай білсін”, – деп жазды блогер.
-
Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе 117 адамнан жауап алынды – Бас прокуратура
-
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс алдағы екі аптада сотқа жіберілуге тиіс – Депутат
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды.
Одан кейін, Шерзат Полаттың өлімі бойынша күдіктілердің уақытша ұстау изоляторында туған күнін атап өтуіне қатысты жарияланған даулы видеодан кейін жауапты қызметкерлер жұмыстан шығарылған еді.