Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрмен ажырасуы туралы кітап жазып жатыр

Азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сәтсіз аяқталған некесі туралы кітап жазып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Назым Қаһарман өзінің Instagrаm-дағы парақшасында өмірі жайлы кітап жазып жатқанын айтты.

“Негізі кітап мен туралы, бірінші некем жайлы. Қалай ажырасқаным туралы жазамын, кітапта кейбір кейіпкерлер де бар”, – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Назым кітаптың екі тарауын жазып қойғанын айтты. 


  • "Отбасы мүшесін өлтірмеген": Сот Бишімбаевты әкелік құқықтан айырудан бас тартты

Бұған дейін Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты әкелік құқықтан айыра алмай жүргенін айтқан еді. 

Еске салайық, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2023 жылы 9 қарашада ұсталған еді. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды. Олардың сот отырысы 2024 жылы 27 наурыздан басталып 10 мамырға дейін жалғасып, ашық түрде өтті. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.

Талқылау