Бишімбаев жазасын түрмеде өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тарады – Қылмыстық атқару жүйесі жауап берді
Желіде әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев өз жазасын өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тарады. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы сот
“Айран медиа” тілшісі Қуандық Бишімбаевты колониядан таба алмағанын мәлімдеді.
"Сотталған Бишімбаевтың абақтыдан қашып кеткені туралы жалған ақпарат тарады. Сотталған жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – делінген хабарламада.
Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
"Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2023 жылы 9 қарашада ұсталған еді. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды. Олардың сот отырысы 2024 жылы 27 наурызда басталып, 10 мамырға дейін жалғасты, ашық түрде өтті.
Бұған дейін Бишімбаевтың түрмеде не себепті жұмыс істемей жүргені белгілі болды.