Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа түсірген шағымын қайтарып алды

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар деген айыппен сотталған Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа түсірген шағымын қайтарып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше Байжанов үкімнің күшін жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұраған еді. Артынша ол өтінішін қайтып алған.

"Бақытжан Байжанов биылғы 26 тамызда сотты қайта қарау туралы өзінің кассациялық өтінішін кері қайтарып алды. Осыған байланысты өтініш алдын ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығарылады", — делінген Жоғарғы соттың хабарламасында. 


Байжановтың адвокаты сот барысында TikTok арқылы ақша тапқан


Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның інісі Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.

Осыған дейін Жоғарғы сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарайтынын жазғанбыз.

Талқылау