Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біртұтас, ауқымды, көркем": Трамп салықты азайтатын заң жобасына қол қойды

Трамп салықты қысқарту заң жобасына қол қойдыФото: nypost.com

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 шілдеде – Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақ үйдің көгалында жаңа заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл заң жобасы:

  1. АҚШ-тың мемлекеттік қарызының шекті мөлшерін 5 триллион долларға арттыруды;
  2. Бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуды;
  3. Әскери шығындарды көбейтуді көздейді.

"Біз уәде бердік, соны орындадық. Демократия туған күндегі демократияның жеңісі. Айта кетейін, халық риза", — деді Трамп қол қою рәсімінде.



Бұл заң жобасын АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы бастапқыда қолдамаған. Дегенмен кейін президенттің тікелей араласуымен қабылданды.

Заң жобасы "Біртұтас, ауқымды, көркем" деп аталып отыр және бұл ауқымды бюджет және салық саясатына қатысты реформа. Онда салықтарды азайту, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды кейбір салаларда қысқарту қарастырылған.

STAN.KZ
Сенбі, 05 Шілде, 2025 11:01
Талқылау