Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Біртановтың ісі бойынша Қаржы мониторингі агенттігі түсініктеме берді

Қаржы мониторингі агенттігі (АФМ) бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртановқа қатысты қылмыстық іс бойынша түсіндірмелердің болмау себептері туралы айтылды.

“Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз. Мәліметтер тек прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін.

Тергеу деректерін жариялауға жол бермеу туралы талаптар тек тергеу органдарына ғана емес, сонымен бірге қорғау жағына да қатысты. Сондықтан агенттік объективтілік мақсатында қылмыстық істің мән-жайына түсініктеме бермейді", –  деп хабарлады агенттік.

Агенттікте Конституцияның 77-бабының 3-бөлігіне сәйкес іс бойынша айыпталушылардың кінәлі немесе кінәсіздігін тек сот қана айқындауы мүмкін екенін айтып өтті.

Шілде айында Агенттік бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.


"Адамдарды "чиптеу" осылай жүзеге асады": Желіде тараған видео халық арасында шу туғызды 


"Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде. Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді.

Алайда платформа дұрыс жұмыс істеген жоқ және оны медициналық мекемелер пайдаланбады, бұл жиналған дәлелдермен расталады. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,5 миллион долларды, басқаша айтқанда 1,5 миллиард теңгені құрайды", –  деп хабарлады агенттік.

 

Талқылау