"Біртановпен бірге ұшақта болған": Тағы бір министр өзін-өзі оқшаулады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев коронавирусты жұқтырған министр Елжан Біртановпен байланысқаннан кейін өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Министр өзін-өзі оқшаулады. Ол "контактілер" тізімінде - Елжан Біртановпен бірге ұшақпен ұшып келді. Бірақ таңертең аппараттық кеңес және жоспар бойынша барлық іс-шаралар өтеді. Министр үйден бәрін өткізеді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева.
Ол Мырзағалиевтің коронавирусты анықтайтын тестінің теріс нәтиже көрсеткенін атап өтті.
"Апта соңында ол тағы да тест тапсырады", - деп нақтылады ол.
Жақында Елжан Біртановтың "қатаң санитарлық шараларға қарамастан" коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Осыдан кейін Біртановпен байланыста болған премьер-министр Асқар Мамин, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”