Бірнеше жол апатына түскен Қайрат Нұртастың өмірі қаншалықты сақтандырылған?
Шетелде адамның өмірі мен денсаулығын сақтандыру қалыпты нәрсе. Ал ырымшыл халқымыз ондайға селқос қарайды. Себебі қазақ «адамды Жаратқанның өзі сақтамаса, қалғаны бекер» дейді. Дегенмен сақтандыру компанияларымен шартқа отырған әртістер де бар болып шықты.
Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
Олардың қатарында Шахизада, Баян Нұрмышева сынды танымалдар бар.
Шахизаданың айтуынша, адамның өмірін сақтандырып қойған дұрыс. Оқыс оқиға болған жағдайда, келісім-шарттың көп көмегі тиеді дейді әнші.
«Өте дұрыс қараймын. 10 жылдан бері өзімнің өмірімді сақтандырып қойғанмын. Біреуі шетелдік, біреуі қазақстандық бағдарлама. Онда барлығы қарастырылған. Барлық жағдайда төлеп береді. Өйткені менің қасымдағы достарым, туған-туыстарым сақтандырылған. Баламның басынан да оқыс оқиға өтті. Сондай жағдайда қажетті ақшаны төлеп береді. Дәрігерге көрінуге, ота жасатуға көмегі тиеді.
Мысалы, менің жақын досым аяғын шығарып алған кезде 360 мыңдай төлеп берді. Гипс салса да үлкен көмек қой. Менде 15 жылдық бағдарлама. Оның 8 жылы өтті. Жылына бір рет ақша салып тұрасың. Уақыт біткен кезде ақшаның бәрін алуға да болады. Немесе айларға бөліп тастап, девидент сияқты алып отыруға болады», – дейді әнші.
Ал Шахизаданың өзге әріптестері қазақшылыққа салынып, өмірлерін сақтандырмағандарын айтады.
Мәселен, Қайрат Нұртас бірнеше рет жол апатына түссе де, өмірін сақтандырмапты. Бұл туралы оның әкесі айтып берді.
«Қайраттың өмірі сақтандырылған емес. Шынын айтқанда, бір Аллаға ғана сенеміз. Мүмкіндігінше көлікпен жүргенде мен қасында жүруге тырысамын. Керемет жүргізушімін деп айтпаймын. Бірақ 30 жылдан асып кетті көлікке отырғаныма. Сондықтан анасы да, Қайраттың өзі де оның жанында жүргенімді қалаймын. Ал ұшақта барлығы бір Алланың қолында ғой.
Біріншіден, қазақшылыққа саламыз ба? Өз ойым. Бір жағынан керек те шығар. Құдай пәлесінен сақтасын, барлығын күтуге болады. Бірақ ол туралы ойланбаппыз», – дейді Нұртас Айдарбеков.
Сол сияқты Саят Медеуов, Мұқасан Шахзадаевтар өмірлерін бір Аллаға сеніп тапсырғандарын айтты.
Бірнеше жол апатына түскен Қайрат Нұртастың өмірі қаншалықты сақтандырылған?
Отандық әртістер өмірлері мен денсаулықтарын қалай сақтандыратындарын айтып берді
Шетелде адамның өмірі мен денсаулығын сақтандыру қалыпты нәрсе. Ал ырымшыл халқымыз ондайға селқос қарайды. Себебі қазақ «адамды Жаратқанның өзі сақтамаса, қалғаны бекер» дейді. Дегенмен сақтандыру компанияларымен шартқа отырған әртістер де бар болып шықты.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбедегі жастар сарайына Димаштың атын беру ұсынылды
Әйгілі “Титаник” әнінің авторы Димашқа ерекше құттықтау жолдады (видео)
Достары 30-ға толған Луинаға сәбиге арналған емізік сыйлады (видео)
Мақпал Жүнісова қызының соңғы қоңырауында ән айтып, жұртты билетіп жіберді (видео)