Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше жыл бұрын министр болған адамға қарап қазіргі жүйе туралы пікір қалыптастыруға болмайды – Сенат төрағасы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс мемлекеттік аппараттың беделін түсіре ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: senate.parlam.kz

Мәулен Әшімбаев Бишімбаевтың ұлттық экономика министрі қызметін атқарғалы бері көп уақыт өткенін атап өтті.

"Бишімбаевқа қарап қазір, қайталап айтамын, қазір мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдарға баға берудің қажеті жоқ. Бұл дұрыс деп ойламаймын. Бишімбаев өз әрекеті үшін еліміздің заңдарына сәйкес өзі жауап берсін", – деді Әшімбаев.

Ол қазіргі жүйеде прогрессивті, кәсіби және лайық адамдар жұмыс істейді деп айтты.

Айта кетейік, Бишімбаевты ұстау кезінде полицейлер оның қолынан кісенді шешіп, темекі шегуге рұқсат беріп, Салтанат Нүкенова туралы “өзі қанды ішті ме?” (сама нозила? – ред.) деп сұраған

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха полицейлердің әрекетін ІІМ тексеретінін айтты. 

Талқылау