Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірнеше жыл буллингке ұшыраған": Жетісу облысында оқушы қыз мектепте өзіне қол салмақ болған

текелі мектебі

Фото: Яндекс

15 қыркүйекте Текелі қаласындағы №4 орта мектепте оқушы қыз суицид жасамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9-сынып оқушысы, оқу озаты, "Алтын белгіге” үміткер қыз мектепте дәрі ішіп алған.

Қыздың анасы Ботагөз Тұғылбаева мектепке сынып жетекшісімен сөйлесу үшін келген. Әңгіме барысында қыз көзіне жас алып, "Анашым, мен 46 дана дәрі іштім" деп мойындады. Жедел жәрдем шақырылмады. Анасы баласын ауруханаға өзі апарып, асқазанын шайғызған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, ол қарапайым палатаға ауыстырылды.


Мектеп оқушылары арасындағы буллинг неге өршіп кетті: Министрлік себептерін атады


Кейін қыз анасына бірнеше жыл мектепте буллингке ұшырағанын мойындады. Соңында өзіне қол салуға бекінген.

Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін мектеп қызметкерлері қыз бен мектептің беделін алға тартып, жағдай туралы тіс жармауға көндіруге тырысқан.

Жетісу облыстық білім басқармасы оқиғаны растады. Олар сынып жетекшісі мен мектеп психологы жедел жәрдем шақыруды ұсынғанын, бірақ анасы бас тартқанын хабарлады. Келесі күні қыз басқа мектепке ауыстырылып, оқиғаны қарау үшін қалалық балалар құқығын қорғау комиссиясына жіберілген. Оқу орнында тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде оқушы буллингке шыдамай, өз-өзіне қол салғаны айтылды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 14:36
Талқылау