Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше жігіт күдікке ілінді: Түркістанда 7-сынып оқушысы өзінен 10 жас үлкен жігіттен бала босанғанын айтты

Түркістанда бойжетпеген қыз 15 жасында ана атанып отыр. Әкесіз өскен қыз бала ұлының әкесі әкелігін мойындамай кетті деп жылады. Құда түсем деп алдаған жігіт жүкті етіп, тастап кетті дейді ол. Ал анығында баланың әкесі кім?

Бұл туралы "Астарлы ақиқатта" айтылды. 

Түркістандық 15 жастағы оқушы-ананың шым-шытырманға толы тағдыры бәрін де алаңдатып отыр. Небәрі 7-сыныпта оқып жүрген Назакат Раметованың айтуынша, ол өзінен он жас үлкен жігітпен жыныстық қатынаста болып, 15 жасында ана атанды. Алайда әкесі өз ұлын мойындамай жүр.

Назакат Раметова қазір жас ана. 7 жасында әкесі өмірден өткен. Ал анасы күні-түні жұмыста. 13 жасында етегі түрілген қыз 14 жасында өзге жігіттің құшағына кірген. 

"Хасан деген жігітпен қаңтар айында таныстым. Мені Кәрім деген жігіт таныстырды. Хасан мені ұнатқанын айтты. Сырға салды. Сыйлық берді. Той жасаймыз, құда түсеміз деді. Мені сендіріп, төсекте жақын болдық. Мен ақпан айында жүкті екенімді білдім. Хасан баласын мойындағанымен, өзгелерге менің балам емес деп жүрді. Бастапқыда үйленеміз, бөлек пәтерге шығамыз деген еді. Мені де, баламды да тастамаймын деген. Кейін жоқ болып кетті", - деді Назакат. 

Айтуынша, Хасан баланы алдырып тастауын өтінген. Алайда Назакат алдырудан бас тартып, өмірге әкелгенін айтады. Бұл істе досы Кәрімнің де қатысы бар болып шықты. Полиция жауап алғанда Кәрім Назакатпен екі рет жақындасқанын мойындаған. 

"Мен Назакатпен жақын болдым деп қалай айтқанымды білмеймін. Маған қысым жасады. Шындығында онымен жақындасқан емеспін. Ол менің балам емес", - деп сөзінен айныды Кәрім. 

Кәрімнің анасы да, Хасанның анасы да баланың әкесі менің балам емес деп басын алып қашты.



Ал Назакат пен анасы Фатима ұл баланың әкесі Хасан деп біледі. Тіпті Назакат жүкті болған соң олар бір шаңырақ астында тұрған екен. 

Хасанның туысының айтуынша, Назакат Дильшат есімді жігітпен көп жүреді екен. Онымен жақын қатынаста болуы мүмкін екенін айтады. Назакаттың көршілері қыздың өзі жеңіл жүрісті деген пікір айтты. 

"Назакатқа көп жігіт келеді. Көшеде сүйісіп тұрады. Оны бәрі біледі. Бір ғана жігіт емес. Баланың әкесі кім екені белгісіз. Хасан емес деп ойлаймыз" , - деді көршілері. 

Назакаттың бөлесі Бекзат Хасанның да, Кәрімнің де Назакатпен жақын қатынаста болғанын айтады. Себебі, оларға қару тақап тұрып, мойындатқан екен.

"Мен Хасанды да, Кәрімді де қорқытып сұрадым. Қару тақап мойындаттым. Екеуі де төсектес болғанын мойындады. Кәрім жылап тұрып кешірім сұрады. Енді қайталанбайды деді", - дейді туысы. 

Ал Назакат 13 жасында сыра ішіп, пәктігінен айырылғанын айтты. Өзінен үлкен жігітпен қалай төсектес болып, пәктігінен айырылғанын білмей қалған. Алайда ол баламның әкесі емес дейді өзі. 

Сәбидің әкесі кім екенін анықтау үшін Кәрім мен Хасанға ДНҚ сараптамасы жасалды. Оның қорытындысы алдағы уақытта шығады. 

Талқылау