Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірнеше сағат ес-түссіз жатқан": Қостанайда сырғанақта жүрген балалар жарақат алып, ауруханаға түсті

Қостанайда 22 желтоқсан күні сырғанақта жүрген алты бала әртүрлі ауырлықтағы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik

Жексенбі күні болған оқиғаларды Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Instagram парақшасында хабарлады. 

"Қала орталығындағы сырғанақ үстінде жүрген алты бала жедел жәрдем көмегіне мұқтаж болды. Олардың бесеуі ауруханаға, біреуі үйіне жеткізілді... Екі қыз бірнеше сағат бойы жедел жәрдем жеткенше ес-түссіз жатқан", – делінген хабарламада.



Медициналық мекеме ересектерді коньки тебу кезінде кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауға шақырды.

"Құрметті ата-ана – мұз сырғанақтары жақсы көңіл күй сыйлайтыны рас. Дегенмен қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда қаупі жоғары нысан екенін де ескерген жөн. Ата-ана ретінде ең алдымен балаңыздың өмірі мен денсаулығына жауаптысыз!" – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде ауа райының жылынуына байланысты қарлар еріп, қалада көлшіктер пайда болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау