Бірнеше рет президенттікке үміткер болған Амантай қажы баспалдақтан әйелді итеріп жіберген

Әлеуметтік желіде белгілі қоғам белсендісі, 83 жастағы Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады. Салдарынан жәбірленушінің жамбасы сынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында", – делінген хабарламада.
Амантай қажы атымен танымал Амантай Хантемірұлы Асылбек антиядролық қозғалыс белсендісі. "Аттан, Қазақстан!" қозғалысының жетекшісі. Ол Қазақстандағы президенттік сайлауға өз кандидатурасын бірнеше рет ұсынған.
Айта кетейік, бұған дейін Амантай қажы Астанамен жасты астаналық қызды тоқал етіп алатынын айтқаны туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді