Шымкентте үстінен қазақы шапанын тастамайтын 16 жастағы депутатты "Амантай қажы-2" деп атап кетті

Үстінен қазақы шапанын тастамайтын шымкенттік Рахат Әбдіманат небәрі 16 жасында халық қалаулысы атанды. Білімді және білікті жастардың басын біріктіретін ұйымға қалай тап болғанын жас депутат Stan.kz сайтына берген сұхбатында әңгімелеп берді.

Шымкент әкімі Ерлан Айтахановпен

Рахат өзінің мүмкіндігін біраз салада сынап көрген жас. Атап айтқанда, спорт, дебат, IT технология, ғылымда жеткен жетістіктері аз емес. Ол тек мұнымен шектеліп қалуды жөн көрмеген. 11 сынып оқушысы жақында құрылған Жастар мәслихатына өз кандидатурасын ұснып, үш кезеңде басым дауысқа ие болған. 

- Мен сайлауалды бағдарламамда білім мен спортқа көбірек көңіл бөлу қажеттігіне тоқталдым. Қала мектептеріндегі ұйымдарды біріктіру, рухани танымдық дәрістерді ұйымдастыру туралы ой қозғадым. Ал спортқа тоқталсам, биылдан бастап «Қыран» футбол клубының мүшесімін. Ендігі мақсат – мектеп лигаларын дамыту. Жас депутаттарды сайлау әділ өтті деп ойлаймын. Құжат тапсыру барысында қалалық мәслихатының хатшысы Ғ. Ташқараев мырза бізген ашық және жабық түрде сұхбат ұйымдастырды,-дейді ол.

Рахат депутаттық мандатқа қол жеткізген бойда өзінің өзгелерге үлгі боларлық имиджін жасауға кіріскенін айтады. Сөйтіп, қазақы шапан киюді бастаған.

- Бір айдан асты осылай атамның шапанын киіп жүрмін. Бастапқыда бәрі күліп, біразы мазақтады. Бірақ ағаларым жасы үлкен ұстаздарым осылай жүргенімді қолдайды. Жарайсың деп алғысын айтып жатқандары болды. Біздің жастардың түсінігінде қазақы шапандарды қариялар тек той-жиындарда киеді деген түсінік қалыптасқан. Мен сол стереотипті жою үшін осылай киініп алдым. Мұны өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың бірі деп білемін. «Амантай қажы – 2»  деп атағандар болды. Бірақ шапанды оған дейінгі хандар мен билеріміз де киді емес пе? Мен сол тектілерден туған бабаларымыздың ізін жалғап, әділдікті ту етіп жүргім келеді, - дейді халық қалаулысы. 

Айта кетейік, жуырда еліміздің үшінші мегаполисінде қалалық мәслихаттың жанынан консультативтік ұйым ретінде жастар мәслихаты құрылған болатын.

Жас депутаттарды қала әкімі Ерлан Айтаханов пен мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев құттықтап, алғашқы отырысын өткізді. Бүгінде 29 депутат әртүрлі салалар бойынша сайланған. Олардың өкілеттілік мерзімі 2 жыл.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық оқушы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...