"Ешкім ештеңе әкеліп жатқан жоқ": Коронавирус жұқтырған медицина қызметкері жаңадан салынған аурухана қызметіне шағымданды
Алматы қаласында жаңа ашылған жұқпалы аурулар ауруханасы коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдай бастаған. Медициналық мекеме 18 күн ішінде салынған модульдік кешенде орналасқан. Ауруханада 53 емделуші орналасты. Алайда, ауруханада емнің дұрыс көрсетілмеуіне қатысты коронавирус жұқтырған медицина қызметкері наразылығын білдіріп үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.
"Науқастың барлығы "коронавирустық инфекция" диагнозымен жатқызылды. Кешеден бастап, бір күн ішінде 53 науқас түсті. Емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі", - деді Әсел Бисенбаева, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары.
Алматы әкімі аурухананы алғашқылардың бірі болып қарап шықты. Жаңа аурухана 280 орынға есептелген және барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған. Қазір штатта 75 дәрігер мен 100 медбике жұмыс істейді.
Дегенмен, жақында ауруханаға жеткізілген науқастар тарапынан алғашқы шағымда да түсіп үлгерген.
Лариса Бельская инфекция жұқтырған медицина қызметкерінің бірі. Әйелдің айтуынша, ол ауруханада тиісті ем қабылдамаған, ал температурасын өз бетінше түсіруге тура келеді екен.
"Ешкім ештеңе әкеліп жатқан жоқ, тиісті емдеу орындалмады. Маған өкпеге компьютерлік томография жасау тағайындалған. Содан кейін вирусқа қарсы дәрі ішу керек болғанмын. 12 сағаттан кейін екінші таблетканы қабылдауым керек, бірақ әлі дәрі ішпедім. Бірнеше күн бойы ауырып, қатты әлсіредім. Томография да жасалған жоқ, өзімді нашар сезініп жатырмын. Неге медқызметкерлердің артынан жүруім керек? Екінші таблетканы да, вирусқа қарсы бірде-бір дәрі маған берілмеді", - дейді Лариса Бельская, фельдшер.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
