AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірқатар елдер жұмыстарын тоқтатты: Кабулдағы теракт эвакуацияға қалай әсер етті?

Қазіргі уақытта Кабул әуежайындағы эвакуациялық жұмыстар жалғасуда, бірнеше Батыс елдері өз азаматтарын Ауғанстаннан шығаруды аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, бейсенбі күні Кабул әуежайы аймағында болған терактіден кейін Дания мен Нидерланды эвакуацияның тоқтатылғанын жариялады. Ал Бельгия, Польша мен Венгрия елдері өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтаған.

Сондай-ақ Австралия да Ауғанстаннан эвакуациялық рейстерді тоқтатты. Премьер-министр Скотт Моррисон австралиялық әскери қызметкерлер Кабулдан шабуылдан бірнеше сағат бұрын эвакуацияланғанын айтып, мұндай тұрақсыз жағдайда эвакуацияны жалғастыру қауіпті екенін жеткізді. Сонымен бірге ол Америка Құрама Штаттары тарапынан сұраныс болса Австралия әскери контингенті Кабулға қайта оралуы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

Испания билігі жұма күні Ауғанстаннан азаматтарды эвакуациялауды аяқталғанын хабарлады. Үкіметтің мәлімдемесінде ішінде соңғы 81 испан азаматы, елшілік қызметкерлері мен әскери сарбаздар бар Кабулдан ұшып шыққан екі әскери ұшақтың, жұма күні таңертең Дубайға келіп қонғанын айтқан. Ұшақта сонымен қатар НАТО елдерімен бірге жұмыс жасаған 4 португал солдаты мен 83 ауғандық болған.



Эвакуациялық операциялар аптасында Испания қарулы күштері Ауғанстаннан 1 898 адамды шығарды.

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес елдің Кабул халықаралық әуежайынан адамдарды эвакуациялаудың соңғы сатысында тұрғанын айтты.
Оның айтуынша, бүгін 27 тамызда Ұлыбритания соңғы бір мың адамды эвакуациялап, содан кейін британдық әскерилер әуежайдан кете бастайды. 

Уоллестің мәліметі бойынша, Ұлыбритания Ауғанстаннан 13 мыңға жуық адамды эвакуациялаған.

Франция елі де эвакуациялау операциясын жұмада аяқтауды жоспарлап отыр. Президент Эммануэль Макрон Ауғанстаннан соңғы болып елші, дипломатиялық миссиялар мен полиция қызметкерлері шығатынын мәлімдеді.

Ол Францияның адамдарды эвакуациялау табысына кепілдік бере алмайтынын, себебі Ауғанстандағы қауіпсіздік әсіресе Кабул әуежайында төмендеп кеткенін атап өтті. Макрон Францияның Ауғанстандағы елшісі қауіпсіздік мақсатында елде қалмайтынын және жұмысын Парижден жалғастыратынын айтты.

 Кабулдан неміс азаматтары мен ауған мамандарын әкету үшін Бундесвердің (Германия Федеративтік Республикасының қарулы күштері) әуе операциясы аяқталуға жақын. Неміс ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ауғанстаннан Германия әуе күштерінің соңғы рейсі жақын күндері орындалуы тиіс.
Бортында 600 әскері бар ұшақ жергілікті уақыт бойынша 16:00 -де Вунсторфтағы әскери аэродромға қонады деп күтілуде.

Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Бундесвер өткен аптаның басынан бері Ауғанстаннан 4,8 мыңнан астам адамды шығарған.

АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонда сөйлеген сөзінде Кабулдағы әуежай маңындағы лаңкестікке қарамастан, АҚШ Ауғанстаннан өз ұйымдарының қызметкерлері мен ауғандықтарды шығару операциясын төніп тұрған қауіпті елемей жалғастыратынын айтты. Байден лаңкестертердің әрекеті АҚШ-ты өз миссиясын тоқтатуға себеп болмайтынын алмайтынын айтты.

Ақ үйдің мәліметінше, АҚШ әуе күштері мен оның одақтастары Кабулдан 100 мыңнан астам адамды эвакуациялап үлгерді. Тек бейсенбіде, 26 тамыз күні Ауғанстан астанасынан 7500 -ге жуық адам эвакуацияланды, олардың 5 мыңнан астамы американдық әскери ұшақтармен ұшып шыққан.

Бұған дейін Ауғанстан астанасындағы жағдай 26 тамызда ДАИШ лаңкестік ұйымының содырларының Кабул әуежайының маңында жасаған жарылысынан кейін шиеленісіп кеткен еді. Кабул әуежайындағы жарылыстар халықаралық қоғамдастықтың наразылығын тудырды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр