AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Америка ешкімді кешірмейді": АҚШ Кабулдағы жарылысқа қатысты пікір білдірді

Кабулдағы жарылыстан 1,3 мыңнан астам адам зардап шекті, деп мәлімдеді РИА Новости Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігіндегі дереккөзге сүйеніп. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орын алған теракт шабуылынан 1338 адам зиян шегіп, 60 адам қайтыс болды дейді агенттіктің дереккөзі.

Бұған дейін Wall Street Journal америкалық басылымы лаңкестік әрекет салдарынан кемінде 90 ауған азаматы қаза тапқанын жазған, сондай-ақ Пентагонның мәліметінше оның ішінде 13 американдық сарбаз бар.

Бейсенбі күні Кабул әуежайында екі бірдей жарылыс болды, олардың бірі Baron қонақ үйінен алыс емес жерде, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, шетелдіктер, оның ішінде Ұлыбритания мен АҚШ азаматтары жиналған аумақта болды. Алғашқы жарылысты жанкешті жасаған, екінші жағдайда бомба жасырылған көлік жарылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мәлімлемесіне сілтеме жасап, аталған топ әуежайға жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды деп хабарлады. АҚШ бұл шабуылдарға ДАИШ ұйымының мүшесі Вилоят Хорасанның қатысы бар деп санайды.
Кейінірек Кабулда тағы бірнеше жарылыс болды. АҚШ әскерилері бұл аталған топтардың ұйымдастырған жарылыстары деп түсіндірді.


 


Ауғанстанның Кабул әуежайы маңындағы шабуылға кінәлі адамдар табылып, жазаланатын болады, Америка Құрама Штаттары жарылыстардың артында кім тұрғанын болжап отыр, деді АҚШ президенті Джо Байден.

"Біз мұны кешірмейміз және ұмытпаймыз. Сендерді қолға түсіріп жасаған әрекеттеріңнің жазасын береміз. Біз бұл адамдардың кім екенін білеміз", – деген АҚШ президенті американдық 12 әскери қызметкер қаза тапқан Ауғанстан астанасындағы әуежайда болған теракт туралы осылай мәлімдеді.

Қайтыс болған сарбаздардың жауапкершілігін сезінесіз бе деген сұраққа Байден жақында орын алған барлық жағдайларға өзін жауапкер ретінде сезінетінін айтты.

АҚШ президенті сонымен бірге 31 тамызға дейін АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығару туралы шешімін ұстанатынын атап өтті. 

Сонымен қатар Америка президенті "Вилаят Хорасанның" басшылығына және нысандарға соққы беру жоспарын әзірлеуге тапсырма бергенін айтты. Ол Америка Құрама Штаттары Кабулдағы лаңкестік әрекетке таңдалған уақытта және таңдалған аумақта күш пен дәлдікпен жауап беретінін баса айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр