"Бірінші тоқсанда балалар қашықтан оқиды": Білім министрілігі түсініктеме жасады
Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жалғасады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады екен, бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингте мәлімдеді" деген жалған ақпарат тарап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифингтерде мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Оқыту форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды", – деді министрліктің өкілдері.
- "Баланы орыс сыныбына беру, оған қарсы жасалған үлкен қылмыс": Қазақстандық ұстаз алдағы уақытта елімізде орыс мектептері жаппай жабылатынын болжады
- Ханым әлде мырза: Қазақстанда мұғалімдерді дұрыс атауды бекіту ұсынылды
Еске салсақ, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта оқитынын айтқан болатын.