"Бірінші сынып оқушысы": Шымкентте қазақша ежіктеп сөйлеген вице-министр оңбай сынға қалды (видео)
Шымкентте ел алдына шығып, “Ақылды қала” туралы қазақ тілінде сөз сөйлеген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат сынның астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Вице-министр әлдебір бағдарламаның уақытты үнемдеп, қашықтан құжат алмасуға және жұмысты автоматтандыруға көмектесетіні туралы айтып жатыр. Алайда қағаздағы мәтінді өзі түсінбестен, ежіктеп оқып тұрғанын байқауға болады. Кейін қазақ тілінде жазылған баяндаманы оқып қиналып кеткені сонша, Оразбек Асхат шашымен алысып кетті.
Оның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды.
“Мұндайларды мемлекеттік қызметтен құрту керек”, “Недеген масқара”, “Неміс шенеунік неміс тілінде жазылған баяндаманы оқи алмай тұрса, қалай болар еді? Ұят-ай”, “Өзім масқара болғандай ұялып тұрғаным”, “Бірінші сынып оқушысы”, “Мынау не деді”, “Мәңгүрт”, “Мына тілді қайдан оқып келдің?”, – деп жарыса жазды желідегілер.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған