Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінші орында ақша емес, мақсат тұруы керек: Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттің есебінен қаржыландырылатын клубтарға жаңа талап қойды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мемлекеттің есебінен қаржыландырылатын командалардың маусым қорытындысы бойынша үздік бестікке кіруге деген ұмтылысын қолдамайды. Федерация мұнан да әлдеқайда маңызды міндеттердің бар екенін жеткізді.

КФФ футбол

ҚФФ басшысы Әділет Бәрменқұлов пен оның жақтастары дөңгелек үстелде қазақстандық футболдың мәселелерін талқылады. Еліміздің бас футбол функционері қазір клубтардың бюджеті әрқайсысы үшін 1,2 миллиард теңгені құрайтындығын жасырмады, алайда футболды тиімді дамыту туралы сөз болып отырған жоқ, дейді ол.

“Біз клубтардың алдына қойылған барлық стратегияларды көтердік, зерттедік, бірақ олардың тек спортпен байланысты әрі түсініксіз мақсаты – үздік бестікке кіру. Мен мұндай міндетті түсінбеймін, футболды, бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударылмайтын, футбол аудиториясы туралы түсінік жоқ мақсатты қолдамаймын. Сондықтан қаражат ешқандай мақсатсыз жұмсалып жатыр. Бюджетті тиімді жұмсау туралы міндет қойылмайды. Ал біз әрбір теңгенің әсері болғанын қалаймыз”, – деп түсіндірді Бәрменқұлов.

Мысал ретінде Бәрменқұлов федерацияның УЕФА мен ФИФА алдындағы бюджетті қорғау тәжірибесін келтірді. Бұл ұйымдар жыл сайын ҚФФ-ға инвестициялық, нысаналы және басқа да жобаларды іске асыруға жүздеген миллион теңге бөлетіні белгілі. Бағдарламаны үздік қорғап, шығындардың егжей-тегжейін түсіндіріп берсеңіз – ақша қолыңызда. Бірақ содан кейін алты ай немесе бір жыл ішінде аудит келіп, қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалғанын тексеретінін естен шығармаған жөн.

Қазір федерация дәл осындай қағиданы еліміздің футбол клубтары үшін де ұсынбақ – халықтың әрбір тиынына есеп берілуі тиіс. ҚФФ әкімдіктерден нақты түсінікті мүдделер, бірінші кезекте – әлеуметтік міндеттер болуы тиіс деп санайды. Оған қоса есептелген және негізделген бюджеттер, сондай-ақ жоспарлардың нақты орындалуын және нәтижелерге қол жеткізілуі билік тарапынан бақыланады. Әйтпесе федерация басшысының пікірінше, бюджетті қорғамақ тұрмақ бағалау критерийлері мен ойыншыларды іріктеу жүйесі де жолға қойылмаған.

Барменкулов

“Клубтар агенттер мен футболға жақын қылмыстық элементтерді жасанды түрде соттарда шарттың талаптарын әдейі жоғалту арқылы қарызға алады. Бұл сонымен қатар менеджменттің сапасыздығы туралы мәселе, біз оған көп көңіл бөлеміз. Бүгінде клубтардың бюджеті 1,2 миллиард теңгені құрайды. Бірақ соттар арқылы жоғалтқан жағдайда мемлекет тағы миллиард теңгеге дейін төлейді. Бұл мәселе барлық жерде бар”, – деп атап өтті Әділет Бәрменқұлов.

Алайда, бұл мәселелерді шешу футболдың дамуына кепілдік бермейді. Адал футбол аудиториясын қалыптастыру әлдеқайда маңызды, деп баса айтады ҚФФ басшысы. Бұл жерде тек ойыншылар мен жанкүйерлер ғана емес, оның ішінде ата-аналар және футболға қандай да бір түрде қатысы бар азаматтар жайлы да сөз болып отыр. Федерация оларды төрт шартты топқа бөлген. Бұл 5-17 жас аралығындағы балалар мен бозбалалар, 18-35 жас санатына жататындар сондай-ақ 36 жастан асқан адамдар және көп балалы аналар.

Әділет Бәрменқұловтың сөзінше, бүгінде федерация бүкіл ел бойынша 2478 жаттықтырушыны оқытқан, олар D санатын алған. Бұл оларға балалар мен жасөспірімдер командаларымен жұмыс істеуге, әр баланың футбол және ойын әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін оқытылған жаттықтырушылардың жалпы санының кем дегенде он пайызын тарту жеткілікті.

Сонымен қоса қалған үш санаттың мүдделері мен қажеттіліктері де дәл осылай зерттелген.

КФФ жиналыс

“Бірақ ең қызықты және нәзік аудитория – әйелдер. Біз көп балалы аналарды жиі көреміз, олардың балаларын футбол секцияларына орналастырамыз. Жақын аралықта мұндай әйелдердің санын 25 мыңға, ал болашақта 250 мыңға жеткізгіміз келеді. Бұл – идеологияны қозғайтын маңызды бөлік. Олардың процестің жүруіне өте күшті эмоционалды қатысы бар”, – дейді Әділет Бәрменқұлов.

Әр санаттағы жұмысты жақсарта отырып, ҚФФ аудиторияны ұлғайтып ғана қоймай, оның есебінен футбол инфрақұрылымын дамытуға жеке инвестициялар тартуға да ниетті. Себебі кез-келген инвестор нарық бар жерге келеді. Ал футболда бұл – аудитория.

“Өңірлердің міндетін өзгерту керек – бұдан былай үздік бестікке кіру емес, әр облыста кемінде 100 мың адал футбол аудиториясын беру мақсаты болады. Егер біз осындай аудиторияны ұйымдастырсақ, онда инвестор бірден келеді. Сату желісі, жарнама және т. б. болады. Біз футболды емес, футбол индустриясын құруымыз керек”, – деп есептейді Әділет Бәрменқұлов.

Адал футбол аудиториясын құрудың тағы бір әсері – бұл жобаның әлеуметтік қайтарымында. Яғни, қылмыс, нашақорлық және интернетке тәуелділік деңгейі төмендеп, халықтың физикалық және психологиялық денсаулығы жақсарған кезде. Ал қоғамда бұрыннан айтылып жүрген нәрсе – клубтардың мемлекеттен жеке қаржыландыруға көшуі.

Талқылау