Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Си Цзиньпинді соғыс басталғаннан бергі алғашқы кездесуінде Украинаға қатысты ұстанымы үшін мақтады

Ресей президенті Владимир Путин ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөзде Қытайдың Украина дағдарысына қатысты алаңдаушылығын түсінетінін айтты. Ал Қытай басшысы болса, Ресеймен біріге отырып, ұлы держава болып, әлемге тұрақтылық пен оң қуат әкелу үшін көшбасшылық рөл атқаруға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Ресей президенті Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты теңгерімді ұстанымын жоғары бағалайтынын айтты. Сонымен қатар Қытайды қолдап, АҚШ-тың Тайвань бұғазындағы арандатушылықтарын айыптады.

Қытай басшысы болса, Ресеймен біріге отырып, ұлы держава болып, әлемге тұрақтылық пен оң қуат әкелу үшін көшбасшылық рөл атқаруға дайын екенін айтты.

Путин мен Си 15 және 16 қыркүйекте Самарқанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде кездесті. Екі басшы үшін де бұл шетелдегі санаулы сапарлардың бірі болды. Путин соғыс басталғаннан бері тек үш рет шетелге сапар жасаған. Ал Си Цзиньпиннің 2020 жылы пандемия басталғаннан бергі алғашқы ресми сапары осы болды.

"Қазіргі халықаралық жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып, бұл кездесудің өзі ерекше маңызға ие. Қытай Украина дағдарысына теңгерімді түрде қарайды. Ресейді арнайы әскери операцияны бастауға мәжбүр еткен себептерді де түсінетінін айтты. Бұл мәселе егжей-тегжейлі талқыланады", – деді Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков. 

Екі ел басшысы соңғы рет ақпан айында Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде кездескен. Кейін "Екі ел арасындағы достықта шекара жоқ" деп ортақ мәлімдеме жасаған болатын. Бірнеше аптадан кейін Ресей Украинаға басып кірді.

Мәскеу неге қол жеткізгісі келеді, Қытай бұл соғыстан не күтеді?

Украинаға басып кіргеннен кейін Путин Батыстан оқшауланып қалды. Сол себептен Си Цзиньпин сияқты ықпалды әлемдік көшбасшымен кездесу Путиннің әлемдік аренадағы беделін сақтау үшін тиімді болуы мүмкін.

Украинадағы соғыс бұрын-соңды болмаған санкциялар толқынын тудырғанын ескерсек, Ресей Қытайдың инвестициясына, технологиясына және екіжақты саудасына қызығушылық танытуда. Батыс компаниялары Ресей нарығынан жаппай шығып кеткеннен кейін олардың орнын қытайлық фирмалардың толтыруы Путин үшін маңызды болып отыр.

Бірақ Ресейдің Қытайға экспорты жылдам өскенімен, Қытайда импорттың өсу қарқыны керісінше баяулауда.



Оның үстіне Батыс Ресей мұнайы мен газына тәуелділікті азайтуға тырысса, Мәскеу оны Шығысқа, соның ішінде Қытайға жеткізуді қайта бағыттауға тырысады.

Мәскеу Украинадағы соғысты жалғастыру үшін қару-жарақ жеткізуде Қытайдан қолдау алуды да көздеді. Алайда Қытай бұл ретте Ресейге әскери көмек көрсетуге өте сақтықпен қарайды.

Си Цзиньпин үшін Өзбекстанға сапар мен Путинмен кездесу де үлкен маңызға ие. Өйткені бір айдан кейін 16 қазанда Қытайда елдің Коммунистік партиясының маңызды 20-шы Ұлттық съезі өтпек. Онда Си Цзиньпин қайта билікке бұрын-соңды болмаған үшінші мерзімге сайланбақ деп күтілуде.

Тайвань мен Гонконгтың бұқаралық ақпарат құралдары Си-ның ШЫҰ саммитіне сапарын оның партияны да, елді де толық бақылауда ұстауының белгісі деп қабылдауда. Бұған қоса, осылайша Қытай АҚШ-қа өзінің әлемдік аренадағы позициясын сақтап қалуға ниетті екенін түсіндіргісі келуі мүмкін.

“Ресей жеңсе, Қытайға күшті одақтас, ал жеңілсе Қытайдың қолшоқпары болып қалуы әбден мүмкін”

Пекин Украинадағы соғысқа қатысты "бейтарап ұстанымын" сақтауға тырысуда. Бір жағынан, Қытай шенеуніктері бұл соғыс үшін жауапкершілікті АҚШ пен НАТО-ға жүктесе, екінші жағынан, Ресейден айтарлықтай қолдау болған жоқ.

Сарапшылар бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалпы бағыты олардың стратегиялық мүддесінің ортақ Батысқа қарсылық екенімен ерекшеленетінін айтады.

"Ресей жеңсе де, жеңілсе де Қытай Ресеймен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайындығын өзгертпейді. Егер Ресей жеңсе, Қытайға күшті одақтас болады. Егер жеңілсе, Қытайдың қолшоқпары болып қалуы әбден мүмкін", – деді америкалық Stimson Center талдау орталығының Қытай бағдарламасының директоры Юн Сонг Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында.

Талқылау