Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуге сенуден қалдым: Айжан Байзақова ұлын көпшілікке таныстырды

Блогер Айжан Байзақова желіде ұлымен бірге түскен суретін жариялады. Ұлының есімі Алан. Анасының айтуынша, ол ұзақ уақыт ұлын көптен жасырып, суретке түсіруге тыйым салып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біреуге сенуден қалдым: Айжан Байзақова ұлын көпшілікке таныстырды

"Мен сіздерге баламды таныстырғым келіп тұр. Оның аты Алан. Ол маған ұқсамайды. Мұндай ерекше баланы не үшін жасырам? Шынын айтсам, баланы жасыру, онымен сыртқа шығу өте қиын. Алты айлық кезінде Астанаға ұштық. Жігіттер жасырын түрде ұлымды суретке түсіре бастады. Мен таңғалдым. Сол кезде Тамара Асар көмектесті. Ұлымды өз алдына алды. "Бәрі саған қарап отыр, сен өзіңше отыр" деді. Ол үшін алғыс айтамын", - деді Байзақова.

Байзақованың айтуынша, ол жақындары мен туыстарына ұлын суретке түсіруге тыйым салған. Ұзақ уақыт бойы ұлын көпшіліктен жасырын ұстаған. 



"Баламның суреттері желіге тарап кеткенде біреуге сенуден қалдым. Көз тию дегенге сенбеймін. Ол үшін жасырған жоқпын. Ұлым сырт көзден жасқана ма дедім. Балалық шағы тыныштықта өткенін қаладым. Қазір байқасам, ол өзіне назар аударғанды жақсы көреді екен. Өзін жақсы көргенді қалайды. Оның суретін ашық жарияламас бұрын көп ойландым. Мен жеке басыма айтылған сөздерді көтеруім мүмкін, бірақ жақындарыма қатысты артық сөздерді көтере алмаймын. Сондықтан ұлыма қатысты ауыр сөздер жазудан абай болыңыздар. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 11 Қаңтар, 2021 15:55
Талқылау