Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреудің пәтерін сатқан: Алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық азамат Латвиядан экстрадицияланды

Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Латвиядан алаяқтық жасады деп айыпталған қазақстандық азамат экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2016 жылы күдікті бірнеше адаммен топтасып, өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Осылайша 12 миллион теңге залал келтірген.

Осы әрекетінен кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеуге жарияланған еді. Бас прокуратура мәліметінше ер адам Латвия аумағында ұсталды.



Қазіргі таңда күдікті Астананың тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Талқылау