Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреудің атына ашады: Жаңа заңда мемлекеттік қызметкерлердің жақындарына шетелден шот ашуға рұқсат берілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов онлайн-брифинг барысында журналистердің шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шот ашуға рұқсат ететін заңға қатысты сұрақтарына жауап бері, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

карта

"Мемлекеттік қызметкерлердің отбасына жақындарына шетелден шот ашуға рұқсат берілген. Онсыз да шенеуніктер шоттарын өз атына рәсімдемейтінін ескерсек, олардың отбасыларына рұқсат беру қаншалықты дұрыс", - деген журналистердің сұрағына Бектенов жауап берді. 

Ол нарықтық экономикада барлығы бизнеспен айналысып, өз ісін жүргізуге құқылы екенін айтты. Бірақатар мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып осындай шешім қабылданғанын айтты ол. 

"Біз бірқатар мемлекеттің тәжірибелерін қарастырдық. Біз нарықтық экономикада өмір сүргеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің, шенеуніктердің жақындары, жұбайлары, отбасы мүшелерінің бизнеспен айналысуына шектеу қоймауды жөн көрдік. Мүмкін шетелге шығу қажет болатын шығар. Сол мәселелерді ескере отырып, олардың шетелде шоты болуына рұқсат бердік. Тек қана мемлекеттік қызметкердің өзіне шетелде шот ашуға тыйым салынады", - дейді Бектенов. 

2021 жылдан бастап Қазақстанға мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттарға және судьяларға шетелдерде банктік шоттар ұстауға тыйым салынады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Желтоқсан, 2020 16:10
Талқылау