Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреуді түзеткіміз кеп тұрады": Алтынай Жорабаева қызының есімін дұрыстап жазуды сұрады

Жақында бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева бала күтіміне қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/ 

Сондай-ақ, өнер иесі қызының есімін қате жазбауды сұрады. 

“Неге біз біреуді түзегіміз кеп тұрады?! Құжат бойынша да, былай да Амина Алишерқызы. Әмина емес”, – деп жазды әнші. 

Жаңа босанған жұлдызды ана сонымен қатар жөргектер туралы да сөз қозғады. 

“Қазір жөргектердің неше түрлісі шығыпты. Баланың денесін тітіркендірмес үшін дұрыс таңдау жасау керек. Балаларыма бәрібір бір жасқа дейін кигіземін. Содан кейін тосып үйретемін”, – дейді көпбалалы ана. 

 


Өнер иесінің айтуынша, күйеуі мен қызының махаббаты ерекше. Тіпті перзентханадан шыққанда да “Амина екеуміз кете берейік, сендер кейін келесіңдер” депті. 

“Перзентханада жатқанда Алишер үйге кетуге асықты. Бізді шығарып алуға келген көп қонақты көріп, “Тез үйге қайтайық, Амина шаршап қалды. Екеуміз кете берейік, өздерің асықпай келерсіңдер” деді”, – деп әзілдеді өнер жұлдызы. 

Коллаж: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Еске салайық, өнер иесі қос анасын туған күнімен ерекше құттықтағанын жазған едік. 

Талқылау