Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біраз дүниесі Америкадан келеді": Дина Төреәлі ұлының бесік тойын өткізді

Танымал блогер, кәсіпкер Дина Төреәлі тұңғышының бесік тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Блогердің айтуынша, ұлына нағашылары дүние әкеліп, шағын құдалық өткізген. 

“Нағашылары Ерманбиге бірінші бесігі мен дүниесін алып келді. Біраз заттары Америкадан енді келеді. Нағашыларына Алла разы болсын! Бәріңізге той жұғысты болсын! Ерманби батырымыздың алғашқы үлкен торты. Әдейі ата әжесіне кестіріп жесін дедік. Балаларының тортын жеп, осындай немерелерімен өмірлері тәтті болсын деп ниет еттік. Ата-анамызға ерекше алғыс! Немеремізге ең жақсысы ең мықтысы болсын деп шапқылап өздері ұйымдастырған тойлары. Сіздердің үміттеріңізді ақтап үлкен азамат болып өссін. Алла разы болсын!”, – деп жазды блогер. 



Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап жатса, енді бірі ысырап дүние деп сынап жатыр. 

“Кедей тоңып секіреді, бай тойып секіреді деген рас екен”, “Жұрт нанға ақша таппай отырғанда бұлар ас та, төк етіп дастархан жаяды”, “Той керемет өтті”, “Бай байға құяды деген осы”, “Сәбидің дүниесін көріп, үлкендер қызығып отырмыз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

Талқылау