Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жыл мектепке бармадым": Кенжебек Жанәбілов балалық шағынан сыр шертті

“Музарт” тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов балалық шағы мен ата-анасын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kenzhebekmuzart/

Өнер иесі "1001" түн бағдарламасында қонақта болып, еш жерде айтпаған сырын бөлісті.

“4 жасымда әкем дүниеден озды. Содан бері анамның өсиетін тыңдап өстік. Өнер анамның бойынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде тек өнер емес, еңбекке жақын болдым. Жетінші ме әлде сегізінші сыныпта ма жер аударып, қауын-қарбыз да ектім. Өте еңбекқор болатынмын. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Сол кезде анам осы бала бәріңді асырайды деп айтатын", – деді әнші.

 



Сондай-ақ эстрада жұлдызы өнер жолын таңдамаса, спортшы болуы мүмкін екенін айтты. Әнші мектеп кезінде бокспен шұғылданған.

"Бір жыл мектепке бармай, спортпен айналыстым. 1,5 жыл бокспен шұғылдандым. Ол кезде артық салмағым болатын, 6 айдың ішінде 35-40 килограмм салмақ тастадым. Мектептегі қыз-жігіттер мені танымай қалды. Егер өнерге келмесем, спортпен айналысатын едім", – дейді өнер иесі. 

Еске салайық, Кенжебек Жанәбіловтің қара шаңырағы ел талқысына түскенін жазған едік. 

Талқылау