Аман бол: Қазақстандықтар салмақ қоса алмай жатқан сәби үшін дұға етуде (фото)
Баласы бір жасынан бастап салмақ қосуды қойған келіншек сәбиі үшін қатты алаңдап жүргенін жеткізді. Ресейлік және қазақстандық дәрігерлер Наильге диагноз қоя алмаған екен. Ал емшілер оларды біреудің дуалап тастағанын айтқан.
Бұл туралы КТК арнасының “Диагноз” бағдарламасында айтылды.
Наиль Алдаберген 2,5 жаста болғанына қарамастан, салмағы 4 кг 200 граммды құрайды. Яғни ол өзінің құрдастарынан екі есе кіші. Анасы Фариза Рахимова жүктіліктің алғашқы үш айы ойдағыдай өткенін айтады. Кейін дәрігерлер сәбидің кіндікке оралып қалғанын жеткізген. Ең өкініштісі, қазақстандық және ресейлік дәрігерлер сәбидің не себепті физиологиялық тұрғыдан жетілмей отырғанын түсіне алмайды.
“Дәрігерлер ешнәрсені уайымдамауға кеңес берді. Мен қорқып жүктілік барысында шамамен 10 шақты рет УЗИ жасаттым. Тіпті, Астана қаласына барған болатынмын. Олар менің мойныма орамалды орап сәби қалай оралса, дәл солай түйінді өзі шешіп шығады деді. Бірнеше аптадан кейін белім мен бүйрегім қатты ауыра бастады. Жүйке дәрігеріне барып, анализ өткіздім. Төмен жағыма ұшық шығып, соны емдейтін дәрігерге бардым. Анализ нәтижелерін көрген дәрігер аса қауіпті ешнәрсе жоқ екенін айтты. Маған бірнеше медициналық шам жазып берді. Кейін жүктіліктің үшінші кезеңінде іштегі сәбиімнің қатты қозғалатынын байқадым. Қатты уайымдап гинеколог маманға бардым”, – дейді Фариза ханым.
Жас ана қайда барса да, сәбиі туралы айтып отырып жыламайды екен. Себебі, ол өзінің қауқарсыздығын көрсетуге құқығы жоқ екенін айтады. Фариза Рахимова белсенді оқушылардың қатарында болған. Түрлі шараларға қатысып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырып жүрген. Тіпті, бір кездері “Жас Қанат” байқауында ән айтқан.
“Өте белсенді болдым. Театрда ойнап, қазақ және орыс тілдерінде өлең шығаратынмын. Ұстазым осы қабілетімді көріп, маған айтысқа шығуға ұсыныс жасады… Бастапқыда сәбиімнің салмақ жинамайтынын байқадым. Ол шамамен бір жаста еді. Осылайша, қан құсқалы бері салмақ жинамайтын болды”, – дейді ол.
Шарасыз келіншек енді емшілердің көмегіне жүгіне бастаған.
“Біз Қарағанды қаласынан емшілер іздеп, оларға барып жүрдік. Барлығы нәтижесіз болды. Бәлкім өзіміз де оларға сенімсіздік танытқан шығармыз. Таныстарымыз Қызылорда қаласында 11 жасар Ербосын атты жақсы емшінің бар екенін айтты. Жанымызға келіп, ол ұлымды үш рет қамшымен ақырын ұрды. Бір уақытта адам көп болып, Ербосынды қоршап алды. Біреулер, тіпті, керегеге тақап алып, көмек сұрады. Ол ашуланып кетіп, ешкімді қабылдамайтынын айтты. Оған жақындап, шарасыз екенімді айтқан едім “Кетіңдер!” деді” – дейді Фариза.
Фариза Рахимованың анасы қызын біреудің дұғалап тастағанын айтады. Бұл сөздеріне дәлелі де бар секілді.
“Қызым өте әдемі. Ол жас кезінде барлық сайысқа қатысып жүретін. Біреу көре алмаған сияқты. Бәлкім біреу оның дүниеге дені сау ұрпақ алып келмегенін қалаған шығар. Дәрігерлер диагноз қоя алмай жатыр. Бұлай болуы мүмкін емес қой. Емшілерге барсақ, біреудің дуалап тастағанын айтады. Бірақ, дуалаған адам оның жүкті екенін білмеген екен. Ол, тіпті, Мәскеуден диагнозсыз қайтып келді”, – дейді келіншектің анасы.
Расымен де, Фариза Рахимова Мәскеуге барып, бір күнде 250 мың теңгеге жуық ақшаға диагноз тапсырып келген. Ақырында бойжеткеннің бұл еңбегі де нәтижесіз болып шығады.
“Біз Мәскеудегі ең жақсы генетик маманға бардық. Таныстарымыз солай деп айтқан еді. Ол дәрігер екі түрлі анализ тапсыратынымызды айтты. Осы екі анализдің өзі 43 мың рубль болатын. Мен анализдердің қымбат екенін білдім. Бірақ, мұншалық деп ойламаппын. Осы анализдердің көмегімен оның жағдайын түзетуге болатынын айтқан кезде, шарасыз келістім. “Нәтижесін үш апта күту керек. ал қазір қайта беріңіздер” деген жауапты күтпеген едім”, – дейді келіншек.
Бүгінде Наилдың жағдайы мәз емес. Күн санап салмақ жоғалтып келеді. Ал анасы оны енді қай дәрігерге қаратарын білмей жүр.