Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жастағы баланың қабырғасын сындырды": Павлодарда жедел жәрдем дәрігерлерінің өз міндетін дұрыс атқарғаны анықталды

Павлодарда бір жастағы баланың анасы жедел жәрдем қызметкерлерінің алғашқы көмекті дұрыс көрсетпегенін айтқан еді. Аталған шағымнан кейін тексеріс жүріп, Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясында дәрігерлердің өз міндетін дұрыс атқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ басылымына сілтеме жасап. 

жедел жәрдем

"8 сәуір күні әлеуметтік желіде тараған бір жарым жастағы балаға қатысты мәлімет тексерілді. Педиатрия бригадасы дәрігерінің әрекетінен тәртіп бұзушылық көріп тұрғанымыз жоқ. Себебі ол баланың өмірін сақтап қалды", - делінген Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының хабарламасына. 

Медицина мекемесінде ақпараттың 6 сәуір күні 21:05-те келіп түскенін айтты. 

"Мекенжайға жедел жәрдем тобы жіберілді. 21:07-де дәрігерлер сол жерде болды. Бұл кезде бала тыныс алмаған, клиникалық өлім болған. Педиатрия тобының дәрігері жүрекке тікелей емес массаж жасады. Мұндай кезде қабырға зақымдалуы мүмкін, әсіресе кішкентай балады. Кеуде қуысы маңында қабырға сынуы мүмкін екенін дәрігер ауруханаға келген соң айтты", - деп қосты мекемедегілер. 

Баланы ауруханаға жеткізу кезінде зембілге бекітпеген. Өйткені кез келген уақытта тынысы тоқтап қалуы мүмкін болған. 

Жедел жәрдем қызметі түсіндіргендей, бұрылыстардың бірінде бала зембілден сырғып кеткен. Алайда дәрігер мен анасы баланы ұстап қалған, сондықтан ол еденге құламады дейді. 

Жедел жәрдем станциясы басшылығы өз қызметкерлерінің ешқандай тәртіп бұзбағанын айтып, баланың анасынан кешірім сұрады. 

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда жағдайы нашарлап кеткен бір жасар балаға келген жедел-жәрдем алғашқы көмекті дұрыс көрсетпегені туралы анасы хабарлаған еді. Сөзінше, дәрігерлер баланың қабырғасын сындырып, еденге құлатып алған. 

Назархан Уән
Жұма, 08 Сәуір, 2022 13:44
Талқылау