Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабырғасы сынған, ең сорақысы – баланы басымен құлатып алған": Павлодарда жедел-жәрдем бір жасар балаға алғашқы көмекті дұрыс көрсетпеген

Павлодарда жағдайы нашарлап денесінде құрысулар пайда болған бір жасар балаға келген жедел-жәрдем алғашқы көмекті дұрыс көрсетпеген: сәбидің қабырғасы сынып, жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТаг порталына сілтеме жасап.  

“6 сәуір күні сағат 21:03-те баланың жағдайы қиындап құрысулар пайда болып, жүрек соғысы жиілеген соң жедел-жәрдемге хабарластым. Алайда 5 минут дегенде тұтқа кезегіне әрең іліктім. Олар тез келді. Алайда қандай науқасқа бара жатқандарын ұқпаған секілді. Еш дайындықсыз болды. Оттегі бермеді, шұғыл көмекке қажетті құралдарды алу үшін төменге үш рет түсті. Онсыз да уақыт жоғалтқан едік. Алғашқы көмек көрсету кезінде бір жасар баламның қабырғасын сындырған. Ең сорақысы – ауруханаға бара жатқанда баланы басымен құлатып алған. Балам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жедел жәрдем бригадасының салғырттығына шара қолдануларыңызды өтінемін", – деді зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде.

Осыған орай Павлодар облыстық жедел жәрдем бөлімі бас дәрігердің орынбасары Ирина Мищенконың басшылығымен арнайы комиссия құрылғанын айтты.

"Біздің қызмет бұл шағымды тексеруді бастады. Бала мен оның анасына денсаулық тілейміз, тезірек жазылып шықсын. Жедел жәрдем бригадасының бұл әрекеті тексеріледі", – деді қызметкер.

Талқылау