Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір топ жігіттер жабылып соққыға жыққан: Қарағанды облысының 20 жасар тұрғыны өзіне қол жұмсады

Бір топ жігіттер жабылып ұрып кеткен 20 жастағы Әлішер өзіне қол салды. Қаралы оқиға Қарағанды облысының Абай қаласында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ИА Patriotnews.kz сайтына сілтеме жасап.

суицидСурет Azattyq Rýhy сайтынан алынды

Полиция орын алған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Марқұмның туыстарының айтуынша, Әлішер 11 қыркүйек күні достарымен жүрген уақытта басқа топтың бір жігітімен ерегісіп қалады. Кейіннен олар тарап кетеді.

"Алайда бұл оның Э. М., М. Ф., Д. С., К. В. есімді сегіз достарына ұнамай қалады. Олар Әлішерді қуып жетіп, жабылып соққының астына алады. Ал оның доссымақтары, қорыққанынан оны тастап қашып кеткен. Үйге келген Әлішер бұл жағдайды көтере алмай, өзіне өзі қол жұмсады. Біз полицияға хабарластық. Біздің тек бір ғана қалауымыз бар, ол – кінәлілер өз істері үшін заң алдында жауап берсін. Әлішермен сол түні бірге болғандар оны қалай ұрып, мазақ еткені туралы айтып берді. Бірақ төнген қауіптен кейін олар өз айтқандарынан бас тартты. Бұл, өкінішке қарай, мұндай шағын қалалардың шындығы", – дейді баланың туыстары.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі қылмыстық істің оқиға орын алған күні басталғаны туралы айтты.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Талқылау