AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір сағаттың ішінде жазылды": Зарина Омарова "Коронавирус, кет-кет" шығармасының қалай шыққанын айтты 

Желіде хитке айналған "Коронавирус, кет" әнінің қалай шыққаны белгілі болды. Әнші Зарина Омарованың айтуынша, әкесі Марат Омаров мұны ән деп қабылдамаған. Тіпті елге таратамын деп ойламапты. Ал әннің көпшілікке таралып кетуіне сазгердің көмекшісі себеп болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Заринаның сұхбаты Ләйлә Сұлтанқызының YouTube-тағы арнасында жарияланды. 

"Бұл ән бір сағаттың ішінде жазылды. Папа өзі ән деп қабылдамаған. Жай ғана елдің көңілі көтерілсін деп ойлаған. Желіге өзі салған жоқ, көмекшісі жүктеп жіберген", – дейді Омарова. 

Айтуынша, сол күні ән желіде кеңінен таралып, жаңалықтарға шығып кеткен. Мұндай "хайпқа" үйренбеген Омаров келесі күні шок болып ояныпты. 



"Жасы келген үлкен кісі ғой. Келесі күні шокта оянды. "Алло, қызым. Жаңалықтар не жазып жатқанын көрдің ба? Ойбай, масқара. Енді не істейміз?" – деді. "Папа, күшті ғой. Бұл хайп. Қандай әнші 60 жаста осылай хайп жасайды?" – деп кішкене рух бергім келді. "Қой керегі жоқ ондай, звонда бәріне, құртсын", – деді. Сосын блогерлер биді қосып, жаңа форматта шығарды ғой. "Мыналар не қосып тастаған?" деп папаның паника, истерика ұстаған кездері болды. "Сен бәрін танисың ғой, айт, өшірсін" деді", - дейді Омарова.

Заринаның айтуынша, әкесінің қатты уайымдағаны сонша, депрессияға түскен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр