Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір макияж үшін ондықтан бірнешеуін берді": Голливудтық стилист Әлия Назарбаеваның жомарттығы туралы айтты

Фото: Видеодан скрин/informburo.kz

Голливудтық визажист және стилист Роберт Минасян 15–20 жыл бұрын Алматыға жасаған сапарын еске алды. Оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева туған күніне шақырған. Ол бір күндік жұмыс үшін ірі сыйақы алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Руся in America YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Журналист және блогер Рустам Солнцев бұл видеоны өзінің YouTube арнасында жариялады.

“Әлия Назарбаева мені макияж жасау үшін туған күніне шақырды. Алматыда бес күн болдым. Кешке дейін көңіл көтердік. Көп ақша таптым. Олар, ақшаны аямады. Бір макияж үшін маған ондықтан бірнешеуін берді. Бір күнге. Ақылға сыймайтын нәрсе. Бірақ мен сол жерде көңіл көтеріп, қолымнан келгеннің бәрін жасағаным есімде”, – деді стилист.


Сара Назарбаева қазір қайда – Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады


"Бір шаршы метрі 3 миллион теңге": Дариға Назарбаеваға қатысы бар компания Астанадағы ең қымбат тұрғын үй кешенін салып жатыр


 

 

Минасян Назарбаеваның қандай валютада төлегенін нақтыламады. Десе де бұл он мың доллар болуы мүмкін.

Сотилист видеода Әлия Назарбаеваның жақын досы Светлана туралы да айтты. Әлия оны “бриллиант кәсібімен байланысы бар адам” деп таныстырған екен. Минасян әлі күнге дейін Светлананың бейнесін ұмытпайтынын айтты. Себебі сол күні оның қолында 50 мың доллар тұратын Birkin сөмкесі болған екен. 

Мүмкін, бұл Светлана Коротенко болар. Ол шынымен де бұрынғы президенттің қызының жақын досы.  Әлия оған «ӨКМ операторы» ЖШС басқаруын сеніп тапсырған.

Бірнеше жыл бұрын Астанада сот Коротенконы бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыптап, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ мүлікті тәркілеу және басқарушы лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы үкім шығарған.

Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева белгілі нумерологтың туған күн кешінде бой көрсеткені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 19 Желтоқсан, 2025 17:29