Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір курстан өтіп маман ретінде таныстырады": Қазақстанда психологтарға қойылатын талаптар қатаңдайды

Қазақстанда псевдопсихологтар нарығы өсуде. Курстан өткеннен соң өздерін психолог ретінде ұсынатындар көбейген. Ал халық арасында осы маманның көмегіне жүгінетіндердің де саны артқан. Сол себепті енді бұл салада психологтарға қойылатын талаптар қатаңдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнарның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com
Психологттардың күндізгі онлайн консультациясының құны 2 мың теңгеден "вип" түрі жарты миллион теңгеге дейін барады. Бұл бағада клиенттерді шынымен ғылыми дәлелденген де, жалған ойдан құрастырлған да әдістер күтеді.

Qalam қорының мәліметінше, өткен жылы жас қазақстандықтардың 70% - ы психикалық және психологиялық денсаулық мәселелерімен қиналған. Көбінесе оларды күйзеліс, ұйқысыздық, әлеуметтік бейімделу және дүрбелең жағдайлары мазалаған. Салдарынан психологтарға сұраныс артқан. Ал курс оқып алып өзін-өзі маманмын дегендер де көбейген. 

“Біз кейбір курстарды аяқтап, өздерін психолог ретінде көрсететін жаңа сарапшыларды айтып отырмыз. Білесіз бе, бұл жағдайдан қашып құтыла алмаймыз. Кез-келген салада, үлкен қызығушылық артып, танымал болған кезде, сол арқылы материалдық жағын қамтамасыз етуді мақсат ететін адамдар көбейеді”, – деді психология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Вероцкая.



Сарапшылар псевдопсихологтардың сеанстары зиян келтіріп, жарақатты одан әрі нашарлататынын ескертеді.

“Мұндай біліктілігі жоқ маманнан жағдайдың жақсаруын күте алмаймыз. Әрине, мұндай жағдайда әрқашан тәуекел аймағында боламыз. Егер уақытында көмек болмаса жағдай нашарлайды”, – деді психотерапевт Елена Лаврова. 

Мамандардың айтуынша, курстарды аяқтағаны туралы бір ғана сертификатпен психолог болу мүмкін емес. 

“АҚШ пен Еуропада пациенттерге кеңес беруді бастау үшін минималды түрде адамның магистратура деңгейі мен докторантура деңгейі жақсы болуы керек. Сонда ғана ол пациенттермен жұмыс істеуге лицензия, сертификаттар алады. Бізде де солай болуы керек”, – деді "Астана медицина университеті" КЕАҚ клиникалық психология кафедрасының меңгерушісі Анар Қаражанова.

Көмек сұрамас бұрын адамдар тиісті дипломн, тәжірибенің болуын тексеріп, ұсыныстарды оқып шығуы керек. Қазір Қазақстанда осы салада тәртіп орнатуға арналған заң жобасы әзірленуде. Психологтардың жұмысын дайындау және лицензиялау мәселелері талқыланады.

Талқылау