«Бір емес, үш рет бардым»: Салтанат Бақаеваны театрға жұмысқа алмай қойған
Әнші, әрі актриса Салтанат Бақаева жұмысқа тұра алмай біраз уақыт жүргенін айтты. Сол кездері көңілі босап, тіпті өнер мені үшін емесдеп ойлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айтуынша, оның М.Әуезов театрына жұмысқа тұруына Роза Рымбаеваның қолдауы көмектесіпті.
«Шын мәнінде театрда қатты жұмыс істегім келді. Бір емес, үш рет бардым. Жұмысқа тұра алмай қатты көңілім босаған сәттер болатын. Сол кезде мүмкін өнердің есігі мен үшін жабық шығар деп ойладым. Бірақ Аллаға шүкір Роза Қуанышеваның қолдауымен, сол кісінің арқасында арманым орындалды. Сол сәттерде «Арнау» тобына да қабылдандым. Сол жылы мен үшін жұмыс жағынан өте сәтті жыл болды», – дейді көзіне жас алған Салтанат Бақаева «Оңай емес» бағдарламасында.
Салтанат кішкентай күнінен бері актриса болуды, театр сахнасында жүруді қатты армандап өскен екен.
«Менің арманым актриса болу еді. Сол күні қатты қобалжыдым. Түнімен ұйықтамай бүкіл материалдарды оқыдым. Сөйтіп таңғы сағат сегіз жарымда келсем, Роза Қуанышқызыда отыр. Өзім таңқалдым. Ол кісі менімен бірге екі сағаттай барлық тыңдауға қатысты. Сөйтіп мені жұмысқа алды. Сол кезде мені «Арнау» тобына да жұмысқа алды. Ол кезде менде ешқандай қорқыныш болмады. Ән айту мен үшін қиын болмады. Бірақ сол кастингтен өтіп кетемін деп ойламадым. Тіпті мен әншілікке де ұмтылмадым», - дейді актриса.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
