"Бір-бірін ұзақ күтті": Құралай Анарбекова қалыңдық атанды
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақсы жаңалықты журналист Ләйлә Сұлтанқызы жариялады.
“Бақыттың ерте-кеші жоқ. Құрбым, жақыным Құралай Анарбекова қалыңдық атанды. Ақжүрек, кең пейіл азаматың сені алақанында аялап өтетініне сенемін! Бір-бірін ұзақ күтіп, жолықтырған құрдастарға мәңгілік махаббат тіледім!", – деп жазды ол.
-
"Балаларымызға мұра болып қалады": Құралай Анарбекова мәһрге не сұрайтынын айтты
-
"200 миллион теңге айыппұл төлейді": Құралай Анарбекова киносын заңсыз таратқан алаяқтарды ұстады
Айта кетейік, Құралай Анарбекова блогер NNN-мен қарым-қатынасын айтқан еді.
“Біз бірге жұмыс істедік, алдағы уақытта да бірге жұмыс істейміз. Жақсы доспыз, көп сөйлесеміз. Қалғанын болашақта көресіздер. Әзірге айтарым жоқ. Жалғыздықтан қорықпаймын. Бәрі адамның қолында. Бұл өмірде қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ. Егер адам қаласа, қасына адам алуға болады. Құдай өзі кешірсін. Бірақ мен жалғыздықтан қашпаймын, мен түк жасамаудан, деградациядан қорқамын. Бір орында тұрып қалудан қорқамын", – деген еді актриса.

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
