Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір айдан бері дәрі ішіп жүрмін": Мақпал Исабекованың босанғаннан кейін денсаулығы сыр берді

Жақында екінші рет ана атанған Мақпал Исабекова босанғаннан кейін денсаулығының сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/makosyafann/

Өнер иесі екінші сәбиін дүниеге әкелген еді. Бүгінде декреттік демалыста отыр.

“Мен қазір өзіме өзім ұнамаймын. Қан қысымын реттеу үшін дәрілер ішіп жүрмін. Бір ай болып қалды. Соның әсерінен менде үнемі ісіну. Сол үшін суретке түскім келмейді. Тіпті, айнаға қарағым келмейді", – деп ішкі күйзелісін жеткізді әнші. 



Сонымен қатар әнші екі балаға бірдей күтім жасау қиынға соғып жатқанын айтқан еді. 

“Теодор оң жақ пневмониямен ауруханаға түсті. Мен онымен бірге жата алмадым. Әбден жыладым. Үйде емізулі қызым бар, ол да аздап ауырып қалды, ал оның туғанына 20 күн ғана болды", – деген еді өнер иесі. 

Еске салайық, эстрада жұлдызы қызына еврей тілінен алынған ерекше есімді қойғанын жазған едік. 

Талқылау