Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бипэк Авто" компаниясынан 330 млн теңгеге тәркіленген ұшақ аукционда сатылмады

"Бипэк Авто Қазақстан" АҚ ісінде тәркіленген ЯК-40 және ЯК-42Д жолаушылар ұшағы аукционда сатылмай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Іnformburo.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Аукционда Як-42Д ұшағы 282 миллион теңгеге, Як-40 ұшағы 48,2 миллион теңгеге бағаланды. Қылмыстық іс аясында тәркіленген әуе кемелерінің құжаттары жоғы ескертілді. Сонымен қатар фюзеляждарда (ұшақтың корпусы) ойықтар мен сызаттар бар. Аталған мүліктердің ауыртпалығы мен кепілдіктері бар.

Ұшақтарды сатып алған адам оның тасымалына, сақталатын орнына, айыппұлы мен басқа да шығындарын өзі төлейді. 

“Сатып алушы мүлікті өз бетінше және өз есебінен тіркейді. Мүлікті сатып алу құны толық төленген сәттен бастап сатып алушы оны 10 күнде алып кетуге міндетті. Әйтпесе, мүлік қайта сатуға қойылады, ал сатып алушының қаражаты қайтарылмайды”, – делінген хабарламада.



Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ұшақты қайтадан аукционға шығарды. Сауда-саттық әдісі алғашқыдай өзгеріссіз қалады, яғни аукцион төмендетілген бағамен жалғасады.

Айта кетері, бұл жолы ұшақтың құны бастапқы бағасынан айтарлықтай өсті: биыл шілде айында Як-42Д ұшағы 846 млн теңге, Як-40 ұшағы 146 млн теңгеге бағаланды. 

Еске салайық, мемлекеттік мүлікті сату бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы "Рахман қайнары" санаториіне аукцион өткізілген еді. Бұған дейін кешен иесі алаяқтық жасады деп айыпталған "Бипэк авто" автохолдингіне тиесілі болған. “Азия Авто” АҚ және “Бипэк Авто Қазақстан” АҚ бақылаушы акционері болған Анатолий Балушкин халықаралық іздеуде жүр. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда "Рахман қайнары" шипажайы мемлекетке қайтарылған еді.

Талқылау