Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биологиялық апат болу қаупі бар: Суданның зертханасы басып алынған

Суданда соғысушы тараптардың бірі қызылша мен тырысқақ қоздырғыштарын, сондай-ақ қауіпті аурулардың басқа үлгілерін сақтайтын зертхананы басып алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Arab news сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Судандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Нима Саид Абид мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау жүйесінің орталық зертханасын жаулап алуға байланысты үлкен биологиялық қауіп бар", – деп ескертті ол.

ДДҰ өкілі техниктер материалдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін зертханаға кіре алмағанын айтты.

"Зертханашыларға зертханаға кіруге және ондағы биологиялық материалдар мен заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолжетімділік болмағаны қауіп төндіріп тұр", – деді ол.

Алайда өкіл объектіні қай тарап басып алғанын айтудан бас тартты.

Судан қарулы күштері мен "жедел қолдау күштері" құрамасы арасындағы шайқастар 15 сәуірде басталды. ДДҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, 4072 адам жарақат алып, кем дегенде 459 адам қаза тапты.

Қақтығыстардың кесірінен ауруханалар мен басқа да негізгі қызметтердің жұмысы тоқтады. Тұрғындардың тамағы пен суы бітуде. Арадағы қырқыстың салдарынан гуманитарлық ұйымдардың бес қызметкері және БҰҰ-ның екі қызметкерлері көз жұмды. Халықаралық көші-қон ұйымы мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы-өз қызметін тоқтатты.

Талқылау