Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көше дәретханалары бар мектептер Қазақстанның қай аймақтарында қалған?

ҚР Білім және ғылым министрлігі бірқатар облыстардың әкімдіктеріне мектептерге қатысты нұсқауларды орындамаған адамдарға шара қолдану туралы хат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

туалет школа

Бұған дейін көшедегі дәретханалармен байланысты мәселелерді шешу, бейнебақылау камераларымен, шақыру түймелерімен және қауіпсіздік жүйелерінің басқа элементтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі айтылған болатын.

Білім министрлігі мектептерді қаржыландырудың заңнамалық функциялары, олардың құрылысы мен қажетті жағдайларды құру мәселелері, оның ішінде санитарлық жағдай, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз ету әкімдіктердің құзырында екенін атап өтті.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Білім және ғылым министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері республиканың барлық облыстары мен қалаларының әкімдіктерге бағынышты мектептеріне тексеру жүргізді. 


Шахтинск қаласында мектеп директорының орынбасары оқушыларды "ақымақ маймылдар" деп атаған


Тексеру барысында Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент мектептерінде дәретхана жылылығымен қамтамасыз ету бойынша 100% көрсеткішке қол жеткізілмегені белгілі болды. Бұдан алдын үкімет оқу жылының басына дейін мектептердегі барлық көше дәретханаларын жою міндетін қойған болатын. 

Бұдан бөлек, қолданыстағы жылы дәретханалардың эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы сұрақтар туындайды. Осындай мәселелерді шешу үшін Білім және ғылым министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті санитарлық ережелерге өзгерістер енгізді.

Осы орайда жергілікті атқарушы органдар қысқа мерзім ішінде 2 600-ден астам жылы дәретхана салғанын айта кету қажет.

Сонымен қатар Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына бейнебақылау камераларын орнату мәселелері әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. 

Ақберен Амангелді
Жұма, 10 Қыркүйек, 2021 17:14
Талқылау