Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі: 2018 жылы ҰБТ өткізуден мұғалімдер босатылады

2018 жылы ҰБТ өткізу мен ұйымдастыру жұмыстарына мұғалімдер тартылмайды.

983738

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мұғалімдердің тағы да міндетіне кірмейтін жұмыстарға “жегілмек” екенін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатын.  Оның айтуынша, биылғы жылы түрлектердің қорытынды аттестациясы және ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес түлектер орта білім жөніндегі аттестат алу үшін мектептерде емтихан тапсырады және жоғарғы оқу орнына түсіп, грант алу мүмкіндігіне ие болу үшін ҰБТ тапсырады.

Қазіргі уақытта білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру шараларын ұйымдастыруға мектептерді жауапты етіп бекітіп жатыр. “Оның ішінде мектеп түлектерін жинау, көлікпен қамтамасыз ету, орталықтандырылған тамақ ұйымдастыру, кейбір жағдайда тұратын жер әзірлеу секілді жұмыстар бар. Бұл ретте аттестат алған түлектер мектептің оқу процесінің қатысушысы болып табылмайтынын атап өту керек. ҰБТ өткізуді ұйымдастыруға мұғалімдерді тарту міндетіне кірмейтін жұмысты орындау ғана емес, сонадай-ақ өз өкілеттіктерін асыра пайдалану болып табылады. Тестілеудің мұғалімдердің демалысы кезінде өтетінін де ұмытпау керек. Бұл дегеніміз, мұғалімдерді еңбек демалысынан шақырып алады деген сөз”, — деген еді Смирнова.

Үкімет басшысының депутаттың сауалына берген жауабында Білім және ғылым министрлігінің бұл мәселені қазір пысықтап жатқаны хабарланған.  “Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2018 жылы ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін пысықтап жатыр.  Жұмыс барысында барлық ықтимал тәуекелдер мен ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу процесіне мұғалімдерді тартпау ескеріледі. Сонымен қатар түлектер мен ата-аналар арасындағы кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады”, — деп жазылған жауап хатта.

Бұдан бөлек, биыл ҰБТ-ға қатысты мұғалімдердің еңбек демалысы қысқармайды.  Биылғы жылы ҰБТ жетілдірілген форматта 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады. Сондай-ақ, 2017 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша мектептердің рейтингісі жасалмайды. Десек те, министрлік ҰБТ қорытындысын білім беру мониторингісі аясында пайдаланатын болады.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қабір басына барған журналисті ұрып-соғып, тонап кеткен

Мұрат Қожаның жас келіншегі әншіге қыз сыйлады

Оңтүстіккореялық әнші PSY тағы да YouTube-ты «шулатып» жатыр

Талқылау