Білім министрлігі үстіне қара май құйылып кетіп күйіп қалған мұғалімге қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ақмола облысында мектептке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде үстіне қара май құйылып кетіп, күйіп қалған мүғалімге қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Бұл жағдай анықталып жатыр. Ол көмектеспек болған… Әрине, біз оған көмек беруге тырысамыз. Жергілікті атқарушы органдармен сөйлесу керек. Жиналып, қол ұшын беруге тырысамыз. Алдымен анықтап алу керек», – дейді Сағадиев.
Бұған дейін Ақмола облыстық полициясы Зеленый бор аулындағы мұғалімнің мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде қара майға күйіп қалуына қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары «Еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзу» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысында директордың айтуымен мектеп шатырын жөндеген мұғалімнің аяқ-қолы оңбай күйіп қалған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі