Соңғы жаңалықтар

Білім министрі мектеп пен жатақхана құрылысының негізгі кемшіліктерін атады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жатақхана салған кезде дайын типтік жоба бойынша нені ескеру қажет екендігін айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сіз мұғалімдерді қинап, оқушыларды білімінен айырдыңыз: Білім министріне сын айтылды

Аймағамбетовтың сөзінше, қазіргі таңда университет басшылығы жатақхананы жалдауға сұрап отырған ақысы жеке пәтер бағасынан да асып түсетін көрінеді.

«Жатақхана бойынша типтік жобалар баяғыдан бар. Әйтсе де, кейбір ЖОО-лар қымбат эскиз бен жобаларды әзірлеп алып, қаражат сұрап, инвесторларды іздеп жүр. Кейбір ЖОО-ның сұрап отырған жатақханаларының бір орындық бағасы тіпті пәтер құнынан қымбат. Олай болуы мүмкін емес! Интерьерлік және басқа безендіру бәрі де санитарлық нормаға сай болуы керек. Әлбетте ешкім бұл жерде ақша үнемделуі тиіс деп отырған жоқ. Десе де ең алдымен біздің типтік жобалар бойынша жұмыс жүргізу керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, мектеп құрылысы кезінде де осы жағдайды ескерген жөн. 

«Мектеп бойынша мониторинг жасау керек. Осылай жұмыс жүргізіп жатсақ, тағы біреулері 600, 900 орындық мектеп салынуы керектігін хабарлайды. Ал ол жерде 1200 орындық мектеп салуға мүмкіндік бар. Арада 3 ай өткеннен кейін дәл сол жерде оқушылардың үш ауысыммен оқып жатқанын көреміз. Жер мен коммуникация бар. Ендеше неліктен сол жерден бірден үлкен мектеп сала салмадық. Жоқ! 300 немесе 600 орындық салып жатады, бәрібір. Барлық құрылыс жұмыстары әу баста мақұлдануы керек», - деді министр.


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр