Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билеуге болмайды: Ернар Айдар жол апатынан кейін денсаулығына келген зақым туралы айтты

Жол-көлік оқиғасынан кейін, көпшілік көзінен алшақтаған Ернар Айдар жуырда тыңдармандарын тың жаңалықтарымен қуантпақ. Бүгінде жеке кешіне әзірлікті бастаған әншіге, жол апатынан кейін көп қозғалуға болмайтынын ескерткен. Ал, концерттегі би қойылымдары ше? Ернар тығырықтан қалай шықпақ?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ернар бұл кешті көктемде өткізуді көздеген! Алайда, тосыннан болған жол апаты жоспарының күл-талқынын шығарады. Ауыр жарақаттан кейін, әнші жігітке дәрігерлер қатты қимылдауға рұқсат бермей отырған көрінеді.

“Дәрігерлер қазір де рұқсат бермейді. Бірақ, билеуге болады. Қатты секіріп емес енді. Кішкене аяқты жерден қатты көтермей. Секірмей-ақ, әдемі билер бар ғой өзі. Мынау омыртқаға ғана салмақ салмасақ болды”, – дейді Ернар.

Сынаққа төтеп берген сері, жуырда тыңдарманға ауқымды шоу ұсынбақ ниетте. Өйткені, биыл мерейтойы! Ернардың кәсіби сахнадағы мансабына 5 жыл толған. Сондықтан, концерттің ел есінде сақталғанын қалайды. Бұрындары, би қимылдарына бас қатырмайтын жігіт, бұл жолы кәсіби хореграфтың көмегіне жүгініпті.

“Айырмашылық бар. Сен кәсіби маманнан бір қимылды үйреніп аласың. Мысалы, сахнада көрсетілетін бір қимылдың өзін 2 сағаттап, 3 сағаттап күніге дайындаласың. Соны сахнада әдемі көрсету үшін”, – дейді Ернар Айдар.

Бірақ, Ернар зақымданған омыртқасын да естен шығармау керектігін жақсы біледі. Өйткені, концерт барысында өнер иесіне жүктелген қауіпті трюктер де бар екен.

“Бір-екі трюктер көрсетті де. Мен кәдімгідейі жоғарыдан құлап тұрып, олар ұстап қаламыз деп жатыр енді. Қайтадан тұрғызып жібереміз деп жатыр, сол жағы кішкене уайым болып тұр енді. Соған кішкене дайындық керек сияқты. Көреміз енді… Егер болмай жатса, оны тоқтатуға дұрыс келеді. Дұрысы сол!” – дейді Ернар Айдар.

Сондай-ақ бұл кеште Айқын, Мөлдір Әуелбекова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және Айкерім Қалаубаева Ернармен жаңа дуэттердің тұсауын кеспек.

Жіберіп алмаңыз:

Үйленгенін жасырған Ернар Айдар енді неке жүзігін тағудан бас тартты

Оңтүстік Африкадан келген бойжеткен “Дүниежүзі аруы-2017” атанды

Жұлдыз Әбдікәрімова желіде сын жазғандарға ұрсып тастады

45 жасында тұрмысқа шыққан Гаухар Әлімбекова жарымен қалай танысқанын айтып берді

Талқылау