Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билет тексеруші 2 мың теңге берген жолаушыға тиын тауып бер деп айқайлады (видео)

Билет тексеруші жолаушыға жолақысын төлемедің деп жұрт алдында айқай салды.

Бұл сәт желіде жарияланды. Видеодан көргеніміздей, билет тексеруші қыз жолаушыны жолақысын төлемедің деп кіналады. Ал, жолаушы 2 мың теңге бергенін, бірақ қайтарым ақшасын өздері тауып бере алмағанын айтып жатыр.

“Көлікпен жүрген соң ақшана майдалап, қалайда төлеуіңіз керек”, – дейді тексеруші.

“Не үшін мен майдалап жүруім керек? Ақша бердім, қайтарым ақшаны өздерің тауып бере алмадыңдар”, – дейді жолаушы.

Көпшілік жолаушының сөзін құптап жатыр. Олар тексерушінің бұл ісін сауатсыздық деп айыптады.

 

Талқылау